Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері қанша?
2022 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.