Зейнетақы салымшыларының инвестициялық табысы 543,2 млрд теңге болды

2020 жылдың 1 шілдесіне қарасты салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы - 543,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы "БЖЗҚ"АҚ-ның ресми телеграм каналы хабарлады.

Алматы, NEGE.   Инвестициялық табыс туралы тағы не білу керек?
Инвестициялық табыс күн сайын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептеледі. Сондықтан салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады.
Инвестициялық табыс қаржы құралдарының нарықтық құнына, валюта бағамына және басқа да жағдайларға байланысты. Сондықтан инвестициялық табыс ұлғаю жағына да, азаю жағына да өзгеруі мүмкін.
Зейнетақы активтерін инвестициялау ұзақ уақыт аралығында (бір жыл және одан да көп) жүзеге асырылады, сондықтан олардың кірістілігін ұзақ мерзімді перспективада бағалау қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр