Зейнетақы салымындағы қаржыға өз елімізде ғана ем алуға бола ма?

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасының басшысы Гүлнәр Еділқызы зейнетақы салымындағы қаражатты қандай емге жұмсауға болатынын айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Гүлнәр Еділқызының айтуынша, зейнетақы салымындағы қаржыны емдік мақсатқа жұмсау үшін азамат порталға тіркеліп, өзінің диагнозына байланысты мәлімет ұсынады. "Дәрігерлік комиссияның арнайы нұсқауы болуы керек. Яғни, шешім сол арқылы қабылданады. Сирек кездесетін ауру, диагностикалық зерттеу, стоматологиялық қызмет, қайта қалпына келтіретін ота, косметологиялық ота, радио хирургиялық ем алуға, сондай-ақ, көз ауруларын да емдеуге жұмсауға болады. Мұның бәрі отандық медицина мекемелерінде жүзеге асуы тиіс", - деді Гүлнәр Еділқызы. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады