Зейнетақы екі есеге өсе ме?

Қазнетте зейнетақы екі есе өсетіні туралы жаңалық тарады. 2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50 пайызға емес.

Алматы, NEGE. "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға асып түсті.

Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңге. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға артады. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңге болады", - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында. 

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады