Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару операциясының жүргізілгенін хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, арнайы операцияны жүргізуге шет мемлекеттердің құзырлы органдары атсалысқан.

«7 және 12 мамыр күндері шет мемлекеттерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді», – делінген ресми хабарламада.

Ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген күдіктілер ҰҚК бағдары бойынша ұсталған.

Қазіргі уақытта оларға қатысты тиісті қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды