Іздеуде жүрген ресейлік Алматы әуежайында ұсталды

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.

egemen.kz

Алматы, NEGE. 11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы ұшақ ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады.

"Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды