Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Олимпиада чемпионына есе жіберді
Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық Зәуреш Ақашева әлем біріншілігін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. 1/32 финалда Ақашеваға Олимпиада чемпионы Ито Мима (Жапония) қарсы тұрды. Матч қиын әрі шиеленісті өтті, Ито өзіндік стильде ойнап, спортшымызға мүмкіндік бермеді. Дегенмен Зәуреш екінші және төртінші партияларда тиісінше 9 және 11 ұпай жинап, жапон спортшысына лайықты қарсылық көрсетті. Алайда, жеңіске жете алмады. Матч Ито Мима пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.