Зарина Дияс топ жарды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік рейтингте 77-орында тұрған З.Дияс финалда әлемнің 72-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линьмен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен аяқтады. Екінші сетте есеп 6:5 болып, қытайлық теннисші доп бергенде, Зарина матчты жеңіспен тәмамдай алды – 7:5.

Осылайша З.Дияс жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жеңімпазы атанды.

Енді Зарина Қытайдағы Шэньчжэнь WTA жарысында бақ сынайды. Оның ертеңгі қарсыласы – рейтингте 396-орындағы қытайлық Йин-Йин Дуань. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Елена Рыбакина ертең осында рейтингте 42-сатыдағы тағы бір қытайлық Чжэн Сайсаймен кортқа шығады.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен