Зарина Дияс Istanbul Open турниріне қатысады

Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Зарина Дияс Стамбулда өтетін WTA додасында бақ сынайды, деп хабарлады Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Аталған турнирде қазақстандық теннисшінің алғашқы қарсыласы Александра Саснович болмақ. Қазіргі таңда Беларусь өкілі әлемдік рейтингте 106-шы орында тұр. Ал Зарина Дияс 69-шы сатыда. Istanbul Open жарысының алғашқы айналымы бүгін, 8 қыркүйек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 251 750 АҚШ долларын құрайды. Дүниежүзілік теннис бәсекесі 13 қыркүйекте аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді