Зарина Дияс – финалда
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Women's 25K Hong Kong турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. Дияс ширек финалдағы ойында грузин теннисшісі Екатерина Горгодзені 6:0, 7:6 (2) есебімен жеңсе, жартылай финалда американдық Сачия Викериді 6:3, 6:2. есебімен ойсырата ұтқан. Енді ол финалда қытайлық Чжу Линь мен француздық Хармони Тан ойынының жеңімпазымен кездеседі.