Зарина Дияс Жапониядағы халықаралық турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

Теннис федерациясы

Алматы, NEGE. Әлемдік рейтингте 318-орында тұрған Дияс бұл жарысқа 6-нөмірлі ойыншы ретінде тіркелген. Жартылай финалда ол Қытайлық Мэйлин Ванмен (WTA №336) өте тартысты кездесу өткізіп, 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Енді Зарина финалда жапониялық Аяно Шимицумен (WTA №288) бас жүлде үшін таласады. Айта кетейік, Шимицу жартылай финалда өз отандасы Михо Курамотиді (WTA №391) 0:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Зарина Дияс WTA Live рейтингісінде 289-орынға көтерілді. Финалдық матчта жеңіске жетсе, ол одан әрі жоғарылай түседі.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті