Зарина Дияс ITF W100 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Витория-Гастейс қаласында ( Испания) өтіп жатқан ITF W100 турнирін жеңіспен бастады.

КТФ

Алматы, NEGE. Зарина алғашқы айналымда испаниялық Гаэтана Гайды 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Зарина Дияс алда ширек финалға шығу үшін франциялық Джессика Поншемен бақ сынасады.