20 июня 2025 г. 9:24
Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің жартылай финалына өтті.
Алматы, NEGE. Зарина Дияс ширек финалда әлемнің 337-ракеткасы, 21 жастағы ресейлік Полина Яценконың меселін қайырды.
Бірінші партия 6:3 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.
Екінші сетте қазақстандық теннисші 2:0 есебімен алда тұрған кезде Яценко матчты жалғастырудан бас тартты.
Бәсеке 1 сағаттан астам уақытқа созылды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс финалға шығу үшін рейтингіде 357-орындағы жапониялық Хироми Абэмен таласады.