22 июня 2025 г. 11:27
Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы (ФТК).
АЛМАТЫ, NEGE. Әлемдік рейтингте 275-орында тұрған Дияс финалда италиялық спортшы Дилетта Черубинимен (446 WTA) кездесіп, 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл Заринаның ITF аясындағы мансабындағы 12-ші титулы. Сондай-ақ, оның WTA 250 санатындағы бір жарыста жеңіске жеткені белгілі.
Айта кетейік, бұған дейін Дияс «Kazinform» агенттігіне берген сұхбатында соңғы жетістіктері, болашақ жоспарлары, қазақстандық теннисшілермен қарым-қатынасы, сондай-ақ Новак Джокович пен Геннадий Головкинге деген көзқарасы жайлы айтып өткен болатын.