Зарина Дияс халықаралық ITF турнирінің жеңімпазы атанды

Ол финалда Беларусь спортшысы Алена Фалейге қарсы ойнады.

zarinadiyas/Instagram

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші Зарин Дияс халықаралық ITF WORLD TENNIS TOUR W50 турнирін жеңді, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы. 

Финалда Зарина Беларусь спортшысы Алена Фалейге қарсы ойнап, 0:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

«Бұл жеңіс мен үшін маңызды. Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралып, алғашқы жеңісіме қол жеткіздім. Қолдау көрсеткен баршаға рахмет», - деді Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Зарина Дияс.