Зарина Дияс екі матчта жеңіп, финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің финалына өтті.

vesti.kz

 Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-орында тұрған ресейлік Екатерина Маклакованы айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:2.

Бір сағат 6 минутқа созылған ойын барысында Зарина 6 брейкке қол жеткізді. Маклакова 2 брейктен аса алмады.

Бүгін осының алдында З.Дияс ширек финалда түркиялық Дениз Дилекті ойсырата ұтқан еді – 6:0, 6:2.

Зарина Дияс финалда әлемнің 224-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалей немесе рейтингіде 338-сатыдағы болгариялық Изабелла Шиникованың қай жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа биыл оралған қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 418-орынға көтеріліп тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды