Заречный кетіне карантин енгізілді
Бүгін Қапшағай өңірінде COVID-19 індетін жұқтырған 13 адам тіркелді. Олардың 5-еуі Қапшағай қаласында, 6-уы Заречный ауылында анықталса, 2-еуі – Атыраудан жеткізілген «Теңізшевройл» ЖШС-ның вахталық жұмысшысы.
Алматы, NEGE. Ауырғандардың үлкені 1958 жылы туған азамат болса, кішісі - 9 айлық бала, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгінгі күнге Қапшағай өңірінде жалпы саны 15 адам тіркеліп отыр. Осыған байланысты Қапшағай қалалық штабтың шешімімен Заречный кетіне бүгіннен бастап карантин енгізілді. Анықталған науқастардың барлығы тиісті ем алу үшін медицина мамандарының бақылауына алынды.
Қазіргі кезде олармен байланыста болған 187 адам анықталды, оның 24-і – жақын байланыста болғандар, 163-і – сыртта қарым-қатынаста болғандар. Олар қазір оқшауландырылып, оларға эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.