Зара Дәркен Париждегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық Зара Дәркен Парижде Tennis Europe сериясы аясында жасөспірімдер арасындағы бірінші санаттағы Open Stade Français турнирін жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, аталмыш жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 14 жасқа дейінгі мықты ойыншылар қатысуда.

Кезінде осы додада Симона Халеп, Жустин Энен, Онс Жабер, Стефанос Циципас, Хуан Мартин Дель Потро, Григор Димитров, Фабио Фоньини және басқа теннис жұлдыздары чемпион болды.

Зара жеребе бойынша бірінші айналымда бос болды. Екінші кезеңде ол франциялық Северин Деппнерді 6:0, 7:5 есебімен тізе бүктірді. З.Дәркен ширек финалға шығу үшін америкалық Эддисон Комискимен таласады.

Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков Анкарада 14 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші санаттағы «Tennis Europe» турнирінің жеңімпазы атанды.

Ол финалда осы жарыстың 3-ракеткасы, түркиялық Али Садиді 6:0, 6:2 есебімен ұтты.

Бұл – оның спорттық жолындағы тұңғыш титулы. Осыған дейін Д.Тазабеков екі финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде жеңіліп қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес