Заңсыз жолмен келген тәжік балалар анықталды

Алматыда кәмелетке толмаған 39 Тәжікстан азаматы анықталды.

Алматы, NEGE. Алматылық көші-қон қызметінің мәліметіне қарағанда, «Учаске» іс-шарасы кезінде Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік азамат ұсталған. Олар қаланың орталық киім базарына іргелес аумақты тексеру кезінде анықталған.

Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік азаматты анықтадық. Оның 36-сы Тәжікстан азаматы. 18 бала кәмелеттік жасқа толмаған. Бұл – 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Жасөспірімдер тиісті шара қолдану үшін аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер полиция департаментіне берілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, осы күндері Алматыда «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы болып жатыр. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады