Заңсыз шаян аулағандар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Artemia Salina шаянын заңсыз аулап, 5 қабфн артып әкетпек болғандарды ұстады.

Алматы, NEGE. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың жедел уәкілдері мен табиғатты қорғау полицейлері Мамлют ауданындағы Меңгесер көлінің жағасында Artemia salina-ны аулаған браконьерлерді көреді. Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы үш ер адамда аулауға рұқсат қағазының жоғын анықтады. Қызыл шаян фармацевтика мен косметика өндірісінде қолданылады. Аса құнды шикізат болып есептеледі.

Экологиялық қылмысқа күдіктілердің бірі - 37 жастағы Тайынша ауданының тұрғыны, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының 31 жастағы тұрғындары ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. «ВАЗ-21140» автокөлігі, аулауға арналған құралдар мен 5 қап биологиялық зат тәркіленді.

«Үлгілер сот-сараптамалық зерттеуге жіберілді. Оның нәтижесі бойынша облыс табиғатына келтірілген шығынның сомасы белгіленеді. Аудан аумағында ерекше қорғалатын табиғи аймақ - Мамлют қорығы орналасқан. Биоресурстарды қорғауға да ерекше көңіл бөлінеді. Экологиялық қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі», - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Пётр Климов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады