Заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында заңсыз құрылыс бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент, NEGE. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шарада Теріскей шағынауданы №49 үй алдында заңсыз тұрғызылған жеңіл конструкциялы құрылыс нысаны анықталды. Тиісті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде заңсыз деп танылған құрылыс нысаны алынып тасталды.

Қала тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді абаттандыру қағидасын бұзбауға шақырамыз. Шаһарда бұл мақсатта барлық аудан аумағында зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек