Заңсыз есірткі сатқан қызылордалық тұрғын ұсталды

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сатқан облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 11 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заңсыз есірткі затын сатқан  Қызылорда қаласының тұрғыны 34 жастағы ер адам ұсталды.

Айғақ зат ретінде бұл азаматтан ерекше иісі бар «марихуана» есірткі заты алынды. Күдікті ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған