Заңсыз дәрі саудасының жолы кесілді

Еліміздің барлық өңірінде дәрілік заттардың заңсыз саудасының алдын алуға бағытталған рейд өткізіліп, 21 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті.

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, 5 шілде күні карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, респираторлы-вирустық ауруларды емдеуге арналған препараттарды жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау үшін барлық өңірде рейд жүргізілген.

«Рейдтік іс-шаралардың бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді. Олардан 3500-ден астам дәрілік зат тәркіленді. Оның ішінде 2100 қорап Ацетилсалицил қышқылы, 589 қорап Парацетамол, 230 ампула Цефтриаксон бар. Сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құрал (300 литр) тәркіленді», – деп атап өтеді министрліктен.

Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды