Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілді

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілді.

Алматы, NEGE.  Қазақстандық спортшы бүгін ширек финалда аустралиялық Харрисон Гарсайдпен кездесті. Екеуінің жекпе-жегінде бес төрешінің үшеуі Закирдің басым екендігін көрсетті. Екінші раундта бұл керісінше болды. Осылайша үшінші раунд екеуінің тартысты жекпе-жегімен жалғасты. Нәтижесінде төреші аустралиялық боксшының қолын көтерді.

24-жастағы Харрисон Гарсайд Олимпиадада тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді. Алғашқы екі жекпе-жегінде Папуа-Жаңа Гвинея елінен келген Джон Уме мен намибиялық Йонас Йонасты 5:0 есебімен тізе бүктірді. Олимпиадада Закир бірінші іріктеу кезеңінде перулік Леодан Пезоны 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жапониялық Дайсуке Наримацу денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға бокстан ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Закирден өзге Сәкен Бибосынов (52 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалға шықты.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады