Зайнутдинов Мәскеудің «ЦСКА» командасына ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Мәскеудің «ЦСКА» командасына ауысты.

Алматы, NEGE. Ақпаратты «ЦСКА» клубының ресми сайты жариялады. Бақтиер Зайнутдинов медициналық тексеруден өткеннен кейін командаға қосылады.

Ол 2024-2025 футбол маусымы аяқталғанға мәскеулік клубта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Ресей чемпионатында легионер болып саналмайды.

Б.Зайнутдинов бұған дейін Ресейдің «Ростов» командасында ойнаған. Бұл команда сапында соңғы ойынын «Уфаға» қарсы өткізді.

Негізгі құрамда алаңға шыққан Зайнутдинов гол пасының авторы атанды.

Өткен маусымда Ресей біріншілігінде Б.Зайнутдинов «Ростов» құрамында 17 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты