Юсуф Мациев грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Мациев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол украиналық Егор Якушенкомен кездесті.

Тартысты белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір екі медаль бар. Бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетханов қола жүлдегер атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін