Юлия Путинцева WTA рейтингінде бірден 199 сатыға жоғарылады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Өткен аптада жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді.

Бұрын 293-орында тұрған қазақстандық теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.

Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады