Юлия Путинцева Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды

 Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп жазды kazinform.

olympic.kz

Алматы, NEGE.Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады — 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.

Дегенмен Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (10:8).

Бір сағат 27 минутқа созылған матчта Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Томлянович 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Осылайша, Юлия Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

Ю.Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін