Юлия Галышева фристайл могулдан қола медаль иеленді

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.

Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.

Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ