YouTube Ресейдегі мемлекеттік арналарды бұғаттады

YouTube платформасында Ресей мемлекетімен қаржыландырылатын федералды БАҚ арналары бұғатталады.

Алматы, NEGE. Олардың арасында Первый канал, НТВ, ТНТ, RT, Россия 24, РБК және тағы басқа арналар бар. Сонымен қатар, Ресейдің Украинадағы әскері қимылын көросететін контент те өшіріледі. Осылайша YouTube Ресей Федерациясында монетизацияны толық тоқтатып отыр. Компанияның хабарламасында бұл өзгеріс Ресейден тыс жердегі пайдаланушыларға табыс табуға әсер етпейді деп жазылған. Бұған қоса Наурыздың 14-і ресейліктер үшін Instagram желісінің де жұмысы шектеледі.

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?