7 сентября 2025 г. 4:38

Йеменде тырысқақ індеті өршіп тұр

Фото: 24.kz

 Йемендегі гуманитарлық көмек тоқтап тұрған кезде тырысқақ ауруы ел өңірінің 96 пайызында тіркелді, деп хабарлайды The Washington Post.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Йемендегі кеңсесі басшысының орынбасары Нуха Махмуд басылымға тырысқақ індеті «әлемдегі ең қорқыныштысы» деді. Оның айтуынша, осы жылдың қаңтарынан шілде айының ортасына дейін елде тырысқақ ауруының 50 мың жағдайы анықталып, 149 адам қайтыс болған.

— Мұндай дағдарысқа бірінші рет тап болып отырмыз. Бұрын біз онымен күресе алатын едік, бірақ жақында тырысқақ бүкіл елге тарады, - деп Йемендегі дәрігерлердің бірі.

Шетелдік көмек көлемінің қысқаруы дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығына әкелді. Нәтижесінде Йемендегі барлық аурухананың үштен бірі жұмысын тоқтатты. БҰҰ мәліметі бойынша, ел халқының 80 пайызы сыртқы көмекке тәуелді.

Басылым қазіргі тарихтағы ең ірі тырысқақ індеті Йеменде 2016-2022 жылдары байқалғанын, осы уақыт ішінде елде тырысқақ ауруының 2,5 миллионға жуық жағдайы тіркелгенін еске салады.

Ақпарат үшін айта кетейік, тырысқақ – адамнан-адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек ауруларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37°С және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.