24 августа 2025 г. 19:18
Йеменде су тасқынынан жеті адам қаза тапты
Йеменде нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан жеті адам көз жұмды. Қаза тапқандардың бесеуі – балалар, деп хабарлайды Анадолы.
Алматы, NEGE. Жергілікті биліктің мәліметінше, апат төрт провинцияны қамтыды: Шабуа, Хадрамаут, Лахдж және Хадджа.
Лахдж провинциясының Тубен ауданында тасқын бір адамның өмірін қиды, бес адам құтқарылды. Көліктер су астында қалып, бірнеше үй қираған.Шабуа мен Хадрамаутта екі бала және тағы бір тұрғын қайтыс болды. Бұған дейін хуситтердің бақылауындағы 26 September Net сайты Хадджа провинциясында үш баланың қаза тапқанын хабарлаған еді.
Йеменнің метеорологиялық және ерте ескерту орталығы қатты жауын-шашынның әлі де жалғасуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақтыққа шақырды.