12 августа 2024 г. 17:19

Ясауи университетінде 9 ғылыми жоба гранттық қаржыландыруға ие болды

Фото: ЖИ

Биыл Ясауи университетінің 9 ғалымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған екі конкурста жеңімпаз атанды.

Түркістан, NEGE. Атап айтар болсақ:

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру – 5 жоба;

2)ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру – 4 жоба.

Осылайша, ғалымдардың жалпы 9 жобасы 722 204 092 теңге көлемінде қолдауға ие болды.

1) Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі:

Энергия, озық материалдар және көлік бағыты

1. Шектібаев Нұрдәулет Әтенұлы, Жаратылыстану факультеті, Физика кафедрасы, PhD, Жоба тақырыбы: «Мақта тазалау машиналарының ара дискілері үшін наноқұрылымдық қорғаныш жабынды алудың тиімді технологияларын әзірлеу», қаржысы: 86 661 076,00 тенге;

Елдің зияткерлік әлеуеті бағыты

2. Ильясова-Шенфельд Арай Қозықызы, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, PhD, Жоба тақырыбы: «Организация Тюркских Государств (ОТГ) как новая балансирующая организация в эпоху геополитической турбулентности», қаржысы: 60 581 980 тенге;

3. Берді Динара Қадырханқызы, Жаратылыстану факультеті, Экология және химия кафедрасы, PhD, Жоба тақырыбы: «Химия мұғалімдерін оқыту сапасын арттыруға арналған цифрлық білім берудің интерактивті рөлін зерттеу және Mozabook платформасында курсты әзірлеу», қаржысы: 74 386 000,00 тенге;

4. Раманкулов Шерзод Жумадуллаұлы, Жаратылыстану факультеті, Физика кафедрасы, PhD, доцент-зерттеуші, Жоба тақырыбы: «Мектеп-Университет-Өнеркәсіп» серіктестігі жағдайында пәнаралық STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асыру», қаржысы: 68 422 994,00 тенге;

5. Құрбанбеков Бақытжан Әлімханұлы, Жаратылыстану факультеті, Физика кафедрасы, PhD, Жоба тақырыбы: «Болашақ физика мұғалімдері үшін физикалық эксперименттерді (VR) виртуальды шындық технологиясы арқылы ұйымдастырудың әдістемесін дамыту», қаржысы: 57 768 149,80 тенге.

2) Гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі:

Өмір және денсаулық туралы ғылым бағыты

1. Нұрдинов Нұрсұлтан Сейсенбайұлы, Стоматология факультеті, Зертханалық пәндер кафедрасы, PhD, Жоба тақырыбы: «Түркістан облысындағы дәріге-төзімді эпилепсиямен ауыратын науқастардың генетикалық профилінің зерттелуі», қаржысы: 99 995 115,00 тенге;

Елдің зияткерлік әлеуеті бағыты

2. Назарова Күлзина Жаркимбекқызы, Жаратылыстану факультеті, Математика кафедрасы, ф-м.ғ.к., доцент, Жоба тақырыбы: «Исследование вопросов разрешимости нелокальных задач для дифференциальных и интегро-дифференциальных уравнений», қаржысы: 112 059 515,00 тенге;

3. Құралбаева Алия Ахметкаримовна, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Педагогика және психология кафедрасы, PhD, қауымдас. Профессор, Жоба тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың даму мониторингі және оларға скрининг жасаудың Қазақстандық стандарты», қаржысы: 82 310 406 тенге;

4. Құрбанбеков Бақытжан Әлімханұлы, Жаратылыстану факультеті, Физика кафедрасы, PhD, Жоба тақырыбы: «Күн энергетикасы саласында STEM жобаларды іске асыру негізінде студенттердің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамыту», қаржысы: 80 018 856 тенге. 

Осы орайда, соңғы 4 жылда университетімізде ғылыми жобаларды қаржыландыру бағытында даму тенденциясы байқалатынын атап өткеніміз жөн. 2021-2024 жылдар аралығында Ұлттық ғылыми кеңестің мақұлдауымен жалпы 43 гранттық жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл жобалардың жалпы қаржыландыру сомасы – 3 407 931 448,52 тенгені құрады.Оның ішінде жас ғалымдардың жобаларға қатысып белсендігі артып келеді. Атап айтар болсақ, 2021-2024 жж аралығында университетіміздің жас ғалымдары жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысып 9 жоба жеңіп алды.

Бұл гранттық жобалардың жалпы сомасы 568 324 975,11 тенгені құрады.