«Яндекс» акциялары құлдырады

Ресейдің «Яндекс» компаниясының акциялары 10 процентке құлдырады.

Алматы, NEGE. Бұл 2017 жылдан бері болмаған жағдай. Бұған Еуроодақтың жаңа санкциялар пакеті себеп. Бұл тізімде интернет-холдингтің негізін қалаушы Аркадий Волож да бар. Жаңа шектеу шаралары жарияланғаннан кейін бизнесмен «Яндекстегі» басқарушы қызметінен кеткен. Жалпы Еуроодақтың Ресейге қарсы бұл жолғы алтыншы санкциялар тізіміне 18 ұйым мен 60-тан аса жеке тұлға кіріп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ