Ядролық апат: Президент заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария жағдайында немесе радиациялық авария жағдайында дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.

Келісімді әзірлеу 2016 жылдың 18 наурызындағы ТМД мемлекеттерінің атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында көзделген.

Келісімге қатысушылар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.