WTI мұнай бағасы құлдырады

WTI мұнайының бағасы құлдырады. Оған Лондондағы ICE биржасындағы сауда-саттық мәліметтері дәлел.

Алматы, NEGE. Онда WTI америкалық мұнайының бағасы барреліне 0 доллар болған. Кейін мұнайдың бағасы құлдырап кеткен. WTI маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстерінің бағасы барреліне минус 55 долларға саудаланды. Ал маусымдағы WTI маркалы мұнайдың фьючерсі шамамен 15 пайызға төмендеп, барреліне 21,21 доллар болды.

Сарапшылардың пікірінше, мұнайдың шектен тыс болуы және оған сұраныстың төмендеуі мұнай бағасына әсерін тигізіп жатыр деп жазады РИА Новости.

Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, биыл мұнайға сұраныс тәулігіне 9,3 миллион баррельге дейін төмендейді. Бұл көрсеткіш рекордтық болып саналады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?