WTA Елена Рыбакинаны ресми түрде әлемнің оныншы ракеткасы деп жариялады

30 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) өзінің жаңа рейтингін жариялады, ол тізімде үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 25-орыннан көтеріліп, 10-орынға тұрақтады.

Алматы, NEGE. Бұл жетістікке Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін қол жеткізді. Өкінішке қарай, чемпион атағы үшін шешуші кездесуде біздің спортшымыз әлемнің бесінші ракеткасы, қазір әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте екінші нөмірге көтерілген белорус Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

"Қаңтар жақсы ай болды, мен үздік ойыншылармен ойнадым, оларды жеңдім, физикалық тұрғыдан жақсы өзімді ширақ сезіндім, ойынның жақсарғанын байқадым. Жалпы Аустралияға сапар сәтті болды. Барлығы осылай болады деп үміттенемін. Үздік ондыққа кіруді мен көп күттім, әрдайым жақын қалғанмен, сәті түспей жүрді, мысалы, "Уимблдон" Қазір мен алғашқы 10-дықтың қатарындамын және мақсатым осында қалу. Мен зор қуаныш сезініп тұрған жоқпын, өйткені мақсатым әлі көп, соларға қол жеткізгім келеді", деді Елена Рыбакина. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды