WTA 250: Путинцева ширек финалға шықты

Қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Страсбург WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 53-ракеткасы, швейцариялық Жиль Белен Тайхманмен кездесті.

Бірінші партияда есеп 2:0 болғаннан кейін швейцариялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Ю.Путинцева жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен күш сынасады.

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 194-орында тұрған Дмитрий Попко Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шыға алмады. Ол әлемнің 128-ракеткасы, испаниялық Бернабе Миральес Сапатадан 5:7, 0:6 есебімен ұтылып қалды

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?