WTA 125: Зарина Дияс сүрінді
Қазақстандық Зарина Дияс Чикаго WTA 125 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Алматы, NEGE. Дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған З.Дияс ширек финалда әлемнің 66-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Энн Лимен кортқа шықты.
Бірінші партияда брейк жасаған америкалық теннисші басымдылық көрсетті – 6:4.
Екіншісінде Зарина артығымен есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші сетте алдымен Ли брейк жасап, алға шыққанымен, Зарина таразы басын теңестірді – 2:2.
Алайда америкалық спортшы күш алып, есепті 5:2-ге жеткізді.
Бұдан кейін қазақстандық теннисші қайыра брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 3:6. Тартысты бәсеке 1 сағат 56 минутқа созылды. Э.Ли финалға шығу үшін аустралиялық Сторм Сандерс немесе даниялық Клара Таусонның біреуімен таласады.