Windows 7 енді жаңармайды

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады.

Алматы, NEGE. «Операциялық жүйе істен шықпайды, алайда енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етілмейді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», – деп хабарлайды РИА Новости.

Microsoft компаниясының өкілдері Windows 7 операциялық жүйесін пайдалана беруге болатынын, алайда бағдарламалық жаңартулар болмауынан және қауіпсіздік жүйесі вирустардың жоғарғы қауіпі төнуі мүмкін.

«Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы - қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», – деді Ресейдегі Microsoft баспасөз қызметінің өкілдері. 

StatCounter веб-трафигін талдау сервисінің деректері бойынша 2019 жылдың желтоқсанында Microsoft операциялық жүйелерін қолданушылар арасында Windows 7 жүйесін пайдаланушылар саны әлемде 26,79 пайыз болған. Ал «онды» пайдаланушылар – 65,4 пайыз.

Қазір оқып жатыр

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған