WhatsApp-қа жаңа функциялар енгізіледі

Apple құрылғыларының қолданушылары WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын хабарламалар жібере алады.

Алматы, NEGE. View Once (Бір рет көру) функциясы мессенджердің 2.21.140.9 бета-нұсқасында қолжетімді, деп хабарлайды Wabetainfo порталы. Мұндай функция бұған дейін Instagram мен Snapchat-та енгізілген болатын. View Once қызметі топтық чаттарда да жұмыс істейді. Дегенмен ол экран скриншотын жасауға және хабарлама жойылғанға дейін оны сақтауға мүмкіндік береді. Егер Snapchat-та қолданушыға бұл туралы ескертілсе, WhatsApp-та ондай механизмді енгізуді жоспарланып отырған жоқ. Сонымен қатар WhatsApp әзірлеушілері фотосуреттер мен видеоларды сығымдамай жіберуге мүмкіндік беретін функцияны іске қосатыны белгілі болды, бірақ ол әзірге тек Android қолданушылары үшін қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды