WhatsApp-қа енді бірнеше құрылғымен қосылуға болады
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады. Мессенджер бір мезгілде бірнеше құрылғымен бір есептік жазбаға қосылуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуда.
Алматы, NEGE. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады. Жақын арада ашық бета-тестілеу басталады. Порталдың хабарлауынша, функцияны іске қосқаннан кейін қосымшада «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімі пайда болады, онда пайдаланушы бір уақытта төрт гаджет арқылы мессенджерге кіре алады.