WhatsApp желісінің компьютерлік нұсқасында өзгеріс пайда болды

WhatsApp мессенджерінің компьютерлік және веб-нұсқасында қоңырау шалу қызметі мүмкін болмақ.

Алматы, NEGE. Бұл жаңартылым туралы WABetaInfo порталы мәлімдеді. Бағдарлама құрастырушылары дауыстық және бейнелік таратылымдар қызметін тестен өткізіп жатыр. Веб-нұсқаның кейбір қолданушылары бағдарламаның жаңартылған нұсқасына қол жеткізіп үлгерген.

Жұмыс терезесінде дыбыстық немесе видеолық қоңырауларға арналған жауап беру тетігі пайда болыпты. Қазіргі уақытта WhatsApp бета-тестілеуден өтіп жатыр.  Мессенджер смартфондар үшін эксклюзив саналған бұл функцияның ресми түрде қай күні пайда болатынын әлі айтқан жоқ.

Дегенмен инсайдерлердің сыбысы бойынша аталған қызмет келесі апталарда барлық қолданушыда пайда болады.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі