WhatsApp интернет жоқ кезде де жұмыс жасай беретін болады

WhatsApp пайдаланушыларға интернет бұғатталған жағдайда мессенджерге қосылуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны енгізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы, NEGE. Жаңа функция еріктілер мен ұйымдардың прокси серверлеріне қосылуға мүмкіндік береді. Проксиді орнату бойынша тиісті нұсқаулар мессенджер блогында жарияланған. WhatsApp-қа прокси арқылы кіру нұсқаулықтары бөлек мессенджер хабарламасында сипатталған.

"Интернет үзілістеріне байланысты көпшілігінің жақындарымен байланысу мүмкіндігі жоқ. Бұл адамдарға көмектесу үшін біз бүкіл әлем бойынша WhatsApp қолданушылары үшін прокси-серверлерді қолдауды іске қосамыз", - делінген компанияның хабарламасында.