WhatsApp арқылы құжат жіберуге НЕГЕ болмайды?

ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының суреттерін жібермеуге кеңес берді.

Алматы, NEGE. "Парольдерді жиі өзгерту керек (әлеуметтік желілерде, телефонда. - Ескерт.) қазір телефонда барлығы сақталады, оның себебі – өзіңізді қауіпсіздендіру. Әрқайсыңыз жеке куәліктің фотосуретін жақын адамға WhatsApp арқылы жіберген шығарсыздар немесе банк картасының суретін, картаның кері жағын жолдап көрген шығарсыздар. Бұлай жасауға болмайды, өйткені бұл онлайн-сатып алу үшін жеткілікті. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелері бар", – деді Криминалдық полиция департаменті киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, биыл мыңнан аса интернет-қылмыс ашылған, 388 адам ұсталған.

"Интернет-алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие, бұл қылмыстардың байланыссыз түрі. Алаяқтар желіні пайдаланады, сондықтан қылмыскер бір аймақта, ал жәбірленуші – басқа аймақта болуы мүмкін. Бізде алаяқтар шетелден қылмыс жасаған фактілер бар", – деді ол.

Әсіресе алаяқтардың қолынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары зардап шегеді екен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады