WhatsApp мыңдаған адамның телефонында жұмысын тоқтатады

iPhone 5s, iPhone 6 және iPhone 6 Plus және Android жүйесінің жүздеген моделінде мессенджер өшіріледі.

ғаламтордан

Алиаты, NEGE. 1 маусымнан бастап WhatsApp қосымшасы iOS және Android жүйелеріндегі бірқатар ескірген смартфонда жұмысын тоқтатады. Мұндай ақпаратты компания таратты, деп хабарлайды 9to5Mac сайты.

Қосымша iOS 15.1 және одан ертерек шыққан құрылғыларда, сондай-ақ 5.1 нұсқасынан төмен Android жүйесінде жұмысын тоқтатады. Атап айтқанда, бұл iPhone 5s, 6 және 6 Plus телефонына қатысты.

Сонымен қатар 6s, 6s Plus және iPhone SE алғашқы үлгілерінің иелері iOS 15.8.4 нұсқасы орнатылған жағдайда мессенджерді қолдана алады.

Ескі құрылғылардың иелеріне операциялық жүйені жаңарту немесе заманауи құрылғыны пайдалану ұсынылады.

«Қолдауды тоқтату пайдаланушылардың WhatsApp қосымшасын іске қоса алмайтынын немесе оның жұмысы шектелетінін, соның ішінде қауіпсіздік жаңартуларын орната алмайтынын білдіреді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты