WBC Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жегіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

 Алматы, NEGE. WBC сайтында жарияланған мәлімдеге сәйкес, айқас алдында боксшылардан кез келген уақытта допинг-тест алынатыны жазылған. «WBC бекіткен барлық хаттамаларды орындай отырып, екі спортшы да VADA-ның барлық талабы бойынша ықпалдастыққа толық дайындығын атап өтті. Себебі Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Таза бокс бағдарламасына (CBP) қосылған. Ол бойынша 17 қыркүйектегі жекпе-жекке дейін екеуінен кездейсоқ допинг-тестілер алынып отырады» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды