WBA Головкинге суперчемпион мәртебесін берді

Қазақстандық

Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды, деп хабарлайды ktk.kz.

Алматы, NEGE. Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.

Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы - кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр. Мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды