Волонтерлердің орасан еңбегі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «электрондық үкімет» порталын қолданушылардың санын еріктілердің көмегімен көбейтпекші.

Алматы, NEGE. Пандемия кезеңінде еріктілер халықтың «электрондық үкімет» порталын пайдалануына белсенді көмектескен. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев осындай мәлімет айтты.

«2020 жылы Агенттік «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алу халықты үйрету үшін еріктілер жұмысын ұйымдастырды. Барлық өңірлер бойынша 400-ден астам ерікті жұмылдырылып, 700 мыңдай азамат цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу әдістерін үйренді. Биыл да еріктілер халықты мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы және оның мобильді қосымшасы арқылы алуға үйретіп жатыр», – деді Дархан Жазықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті