Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның 29-чемпионаты мәресіне жетті. Плей-офф қорытындысы бойынша Өскеменнің «Алтай» клубы жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz.

Павлодар, NEGE.  Плей-офф кезеңіндегі барлық кездесуде жеңіске жеткен «Алтай» клубы чемпион атанса, екінші орынды талдықорғандық «Жетісу», үшінші орынды Петропавлдың «Қуаныш» командасы иеленді. Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын «Жетісу» ойыншысы Надежда Кодола мен «Қуаныш» намысын қорғайтын Светлана Парукова иеленген. «Үздік либера» атағын «Алтай» ойыншысы Мадина Бекет алса, команда мен ұлттық құрама үздігі Сана Анарқұлова «Ең бағалы ойыншы» атанды.   

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?